59 рет оқылды

Шымкент қалалық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Мұхтар Бұқарбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент бойынша жергілікті полицияның бұрынғы басшысы М. Бұқарбаевқа қатысты қызмет бабын пайдалану арқылы аялақтық жасады деген фактімен (ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлімі 2 пункті) тергеу жүргізілуде» деп хабарлады.

М. Бұқарбаев 25 сәуір күні ұсталып, 128 баптың тәртібі бойынша уақытша оқшаулау орнына қамалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қаңтар айында М. Бұқарбаевтың қарамағында қызмет істейтін бір офицер «М. Бұқарбаев маған қымбат зат алып бер деп мәжбүрледі» деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдаған болатын.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.