23 рет оқылды
«ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛГЕН ЫБЫРАЙЫМ БАТЫРДЫҢ НЕМЕРЕСІ АЙГҮЛ
 
Суретте сол жақта отыр. Ал оның анасы, яғни батырдың артында қалған жалғыз қызы Аманкүл әкесіне берілген бұл құрметті атақ туралы естіп, көре алмай, 2006 жылы қайтыс боп кетті.
 
Немересі Айгүлдің айтуы бойынша, сұрмерген Ыбырайым Сүлейменов Алматыдағы әскери жасақтаудан соң майданға аттанған кезде пойыздары Жамбыл бекетінен өтіпті. Сонда артында қалып бара жатқан жары мен қызы Аманкүлді көруге уақыт тауып, қоштасып кеткен екен.
 
Соңғы рет көруі ғой, жарықтық қызын құшақтап, құшырлана иіскеп-иіскеп кетті дейді соғысқа.
 
Суретті кеше түсіріп алдым, осы сөзді де кеше естіп, көңілім босады.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.