Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік Жамбыл облысының білім саласындағы аса ірі көлемде қаржы жеу фактісі бойынша тергеу жұмысын бастады. Облыстағы білім саласы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерді модернизациялауға 171 миллион теге бөлінген.
ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті қазір «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген қаржыны қалтаға басқандарды тергеп жатыр. Қомақты қаржы жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі 100-ден астам ең қажетті мамандықтар мен халықаралық деңгейдегі кәсібіи мамандарды дайындауға жұмсалуы керек екен. Әрине, 171 миллион олигополия саналатын мықтылар үшін аса көп ақша болып көрінбеуі мүмкін, бірақ ол дегенің білім саласы басшылары мен олдарды уысында ұстап отырған жоғары жақтағылар үшін үлкен олжа. Ал мұндай олжаны «жүрегі» барлар немесе «тірегі» барлар ғана қанжығаларына байлай алады.