116 рет оқылды

Қызылжардағы «Халық кеңесі» тобы деген «спектакльге» қатысушылардың «мәлімдемесі» бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы Департаменті сепаратизм дерегімен сот алдындағы тергеп-тексеру жұмысын бастады.

Өткен айдың 30 наурызы күні СҚ облысы прокуратурасының нұсқауымен Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, іс барысының прокурорлары тағайындалды.

Тергеу кезінде 2023 жылы 19 наурызда Қызылжар қаласындағы Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық кеңесі» тобы деп аталатын облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жины өткені, жиын үстінде олардың өздерін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп санайтын пікірлерін білдіргені анықталды.

Жиын барысында олар Қазақстан Республикасы ішінен «Тәуелсіз Петропавл қаласының Халық кеңесін құру туралы» тілектерін айтқан, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық кеңесі декларациясын» қабылдаған, онда Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отырып, оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарған.

Соталды тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу шаралары жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталды.

Қылмыстық іс бойынша жиналған материалдардың негізінде «Халық кеңес» дегеннің 3 мүшесінің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының унитарлығы мен тұтастығын бұзуды жария түрде насихаттау үшін оған бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін пайдалану арқылы Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуды үгіттеу бойынша қылмыстық істің дәлелдері анықталды, — дейді СҚ облысының прокуратурасы.

Қазір бұл адамдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы тәртібімен тұтқындалды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиынға қатысқан басқа тұлғаларға да объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады. Облыс прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.

ҚР ҚК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.