11 рет оқылды

Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді. Бұл күн еліміздің егемендігі мен ұлттық бірлігін білдіретін Ту, Елтаңба және Әнұранның ресми түрде бекітілген күні ретінде тарихта қалды.

1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Осы маңызды тарихи оқиғаның құрметіне 2007 жылдан бастап бұл күн ресми мереке мәртебесіне ие болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы: Авторы — суретші Шәкен Ниязбеков. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ұлттық өрнек нақышталған тік бұрышты көгілдір түсті мата.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы: Авторлары — Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Ол шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн мен уықтардан, екі жағындағы пырақтардан тұрады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны: Бұл мәртебеге 2006 жылы «Менің Қазақстаным» әні ие болды. Сөзін жазғандар — Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған — Шәмші Қалдаяқов.

Рәміздер — мемлекеттің тәуелсіздігі мен біртұтастығын айшықтайтын, әлемге танытатын маңызды атрибуттар.

Ту, Елтаңба және Әнұранның қалай әзірленгені, олардың тарихы мен құжаттары туралы бірегей мәліметтер:

 

PS.: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының ұйымдастыруымен № 01731 әскери бөлімшесі базасында 2026 жылдың 16–17 сәуір күндері балалар мен жасөспірімдердің азаматтығы мен патриоттығын тәрбиелеу, азаматтық қоғам және оның заңнамасы негізіндегі қағидаларды қалыптастыру мақсатында «Жас қыран» әскери-спорттық ойыны өткізілді.

Әскери-спорттық ойын бағдарламасы бойынша оқушылар «Күресте мықты, қатарда жинақы», «Турникте тартылу», «Демалыста», «Гранатты арақашықтыққа лақтыру», «Жауынгерлік парақ», «Төзімнен өту кезеңі», «Азаматтық қорғаныс», «Қаруды жинау және бөлшектеу» деген талаптарға қатысты өздерінің мықтылықтарын танытты.

Ойынға қала мектептерінен бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымынан 50 топ қатысты. Әр топ құрамы 10 адамнан (6 ұл, 4 қыз) тұрады. Қатысушылардың жас ерекшелігі — 15–16 жас. Сұраныс білдірген 50 мектептен жалпы саны 500 оқушы қамтылды.

 

Күн  мен Қыран байналенген Қазақ халқының Көк Туы асқақтап, Әнұраны шарықтап, Елтаңбасы төрімізде мәңгілік жарқырап тұра берсін!

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру