Алашта Абайдан асырып сөз айтқан ақын бар ма екен, сірә?!. Сол сөз сүлейінің «Сегіз аяқ» деп аталатын өлеңін қазақ біткен түгел жаттап алып, алқалы жиындарда айтып жүрсе ғой, шіркін! «Неге?» дейсіз бе? Себебі, оның әр жолы өнеге, әр жолы ақыл мен нақылға толы. Әй, бірақ мұны білетін адам қайда, асаба қайда?!.
Ақын өлең-толғауын неге «Сегіз аяқ» деп атаған. Өйткені, оның сегіз жолдан тұратын әр шумағынан білім мен білікке деген іңкәрлікке, тәлім мен тәрбиеге деген құлшынысты аңғарып, өсек пен өтірікке, сөзуар, білгіштікке жаны қастығын түсінесіз.
Сөзуар, білгіш,
Законшік, көргіш
Атанбақ – мақсұт, мақтанбақ.
Жасқанып, қорқып,
Жорғалап, жортып,
Именсе елің баптанбақ,
Қарғағанын жер қылмақ,
Алдағанын зор қылмақ.
«Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көретін жері жоқ» ақын бола тұрып ел ішіндегі аузымен «жүретін» ағайындарынан түңіліп, «сөзімді ұғар елім жоқ, моласындай бақсының, жалғыз қалдым – тап шыным» деп, таусылады.
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, айтып бер.
Ел аңдып сені,
Сен аңдып оны,
Қылт етізбей бағып көр.
Ойнасшыл қатын болса қар,
Аңдыған ерде қала ма ар?
Ағайынының аузын аштырмай, «үстіңнен арыз жазамын» деп, өзінше «доқ» көрсетіп, «қорқытып» алмақ болатын адамдардан Абай сол кезде-ақ түңіліпті.
Арызқойлар да ақымақ емес, жұрттың өздерінен қорқатынын жақсы біліп алған. «Бәледен машайық қашыпты», «Тек жүрсең, тоқ жүресің» деген мақалға жүгінетін басшылар кеңсесіне келген бәлеқорлардың сұрағанын беріп, «басына ақ құйып» шығарып салатынын да біледі. Сөйтіп білімі мен білігі өзінен әлдеқайда төмен сауатсыз «қызыл көздерге» жік-жаппар боп жатқандары. Ондайда дос, бауыр, аға, әпке, іні, қарындас санап жүрген жақындары да арызқойлардың жағына шығып, сатып кететінін басшылар да білмейді емес, біледі. Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ» деп санайды.
Көмексіз көзің,
Бір жалғыз өзің
Баға алмай басың сандалар.
Баурыңа тартқан,
Сырыңды айтқан
Сырласың сырт айналар.
Ол қаны бұзық ұры-қар,
Қапысын тауып сені алар.
Мінекей, қоғамның дертіне айналған арызқой, заңқой, сөзуарлар туралы Абайдан асырып та, тауып та айту мүмкін емес. Ақынның есті елге ұран боп кеткен «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ұлы сөзін де осы «Сегіз аяғында» айтады.
Бірақ сол қазақ бірін бірі дос тұтып жүр ме? «Бар болсаң көре алмайтын, жоқ болсаң бере алмайтын» ағайын, ебі келсе қолына қалам-қағазын алып үстіңнен арыз жазуға оқталып жүрген жоқ па? Кезінде батыр Бауыржан Момышұлының үстінен арыз жазған жаны сірі жапалақтар кімді аясын?!.
Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын сол кездегі «Қазақ әдебиеті» газетіне Баукең жайлы «Советтік моральға жат қылық» деп аталатын бір мақаласымақ жарияланды. Базбір жатыпатар жапалақтар бір елдің есімін бүкіл жаһанға танытқан, көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының жүнін жығып, жұлмалап алғысы келіп, маңғаз болмысқа қарата мораль «оқымақ» болды.
Сол «моралистер» осыдан алпыс бес жыл бұрын не депті, оқиықшы.
«Советтік моральға жат қылық
Жақында біз пединституттың екінші курсы студентінің анасына жазған хатын оқыдық. «Маматай!.. әкем білгенін істеп кетті ғой. Енді өз бетінен жарылғасын… Біз де бірдеме қылып күн көрерміз. Өзімізге-өзіміз берік болайық».
Бұл – тірі жетім болған баланың өкінішті жүрегінен өксіп шыққан ыза мен күйініш сөзі. Ол көрген қорлық, шеккен жападан жастайынан дертті болған байғұс анасына басу айтпақ болады. Ана мен баланы осынша қайғы уына малып, өзегін өртеген кім?
Ол – жазушы Бауыржан Момышұлы.
Ж. Б. 1941 жылдың бас кезінде Момышұлына тұрмысқа шықты. Бірақ неке кітабына тіркелген жоқ. Момышұлына керегі де сол еді. «Соғыс кезінде Бауыржанның «жаным, күнім» деп жазған хаттарын неге сақтамадым екен» деп, Ж. әлі күнге дейін өкінеді. Ол кезде өз жүрегінің барлық махаббат, мейірімін ешбір қалтқсыз, іркіліссіз, алаңсыз арнаған жас ана өзі сүйген адамының ішкі бір қалтарысында қара тастай қатқан арамдық, мұздай суық ызғар жатқанын сезбеп еді. Жақсы атағы ел аузына ілініп жүрген жақын адамының жер соқтырып кетерін, соған дәті жетерін сүйген жары да, жалғыз ұлы да білмеген-ді, ойламаған-ды.
Момышұлы 1953 жылы әйелі мен баласын осылай тастап кетті. Бір жағынан әке күйігі, бір жағынан тұрмыс тапшылығы ананың да, баланың да арқасына аяздай батты. Бірақ, оған жаны ашыған, қайырылып қараған әке жоқ.
Үй ішінен айрылған соң, Момышұлы өнер қуып, оқып жүрген өрімдей жас Ж. Қ-ға үйленді. Бірақ оның да көргені бақыт емес, қорлық болды. Ақыры оны да тастады. Арын аяққа басты. Өмірін өксітіп, өшпес өкініш дағын қалдырды.
Жақында Момышұлы үйлі-баранды болып отырған филармония артисткасы Баубекова Кәмеш дегенді «алып қашты». Кәмештің артында 14 жасар Шапиғасы, 12 жасар Кемелі мен кішкентай қызы Мақпал – үшеуі бірдей шырылдап қалды. Бірақ опасыз ана кетсе де, балалардың қасында қамқор әке бар еді. Жазықсыз жас сәбилерін ол мәпелеп бағып-қағар. Тек кішкентай Мақпалдың түн ортасында ұшып түрекеліп: «Мама, мама!» дей жылағаны-ақ батады. Бірақ сәби жүрегінің қан жылағанын қарабет әйел мен оны арбаған алдамшы Бауыржан қайтсін, пысқырып та қарамайды. Біздің идеалымызға жат, осы заманның Дон-Жуаны өз баласын аямағанда, біреудің баласын қайтсін! Жаңа қосылған «жас иіс» «ерлі-зайыпты» екеу баяғы ақсүйектерше «неке қияр» бал айын ұзақ саяхатқа арнап, Қырымның оңтүстік жағасында рахаттанып дем алып жатты.
Фактілер осындай. Бұл оқиға күллі Алматы жұртшылығының ызасын келтіріп отыр. Бауыржанның басқа әйелдері де болған деседі. Бірақ, осынау жұртқа мәлім фактілердің өзі де оның көріксіз сиқын айқын ашып көрсетпей ме?!
Момышұлы – феодалдық әдет-ғұрыптың шырмауындағы адам. Ол советтік талай семьяның тыныштығы мен бақытына қол сұқты. Ол талай ана мен баланың көз жасына қалды, олардың адамшылық арын аяққа басты. Жасы елуден асса да бір орынға тұрақтамай, қайта-қайта «төсек жаңғыртып», білгенін істеп жүр.
«Адамдардың мінез-құлқына жұртшылық тарапынан көңіл бөлуді және талап қоюды күшейту қажет, – деп атап көрсетті Н. С. Хрущев жолдас жаңа Программа туралы баяндамасында. – Неге десеңіздер, жаман қылықтарды істеушілердің көпшілігі қайсы бір коллективтің, қайсы бір ұйымның мүшелері, кәсіподақтардың, комсомолдың, колхоздардың, мәдени-ағарту одақтары мен қоғамдарының мүшелері, ал кейде тіпті партиямыздың мүшелері болып табылады. Социалистік қоғам құрылысының нормалары мен ережелерін бұзушыларға қарсы күресу үшін жұртшылықтың моральдық ықпалы мен беделін неғұрлым белсене пайдалану керек».
Ал Бауыржан Момышұлы – коммунистік ұлы партиямыздың мүшесі. Соған қарамастан, ол өзінің советтік моральға жат қылықтарымен коммунист деген жоғары атаққа кір келтірді.
Біз буржуазиялық-феодалдық идеологияның мұндай көріністеріне қарсы мейлінше батыл, мейлінше қатал күрес жүргізуге міндеттіміз. Мұндай ескіліктің сарқыншақтарынан арылмай, қайта соның етегінен айырылмауға тырысып жүрген адамдарды, бет-жүзіне, атақ-даңқына қарамастан, қоғамдық тезге салуға тиіспіз. Ескі қанаушылық құрылыстың қалдықтарын түгел жойып болдық деу қате. Ескілік сарқыншақтары әлі де жойылып біткен жоқ, ондай сарқыншақтар, әсіресе, сын мен өзара сын, принциті, батыл күрес болмаған жерде өріс ала береді. Советтік семья мемлекет өмірінде үлкен роль атқарады. Ол – коммунизм құрылысшысының моральдық кодексінің жоғары принциптерін жүзеге асырып жатқан тамаша қоғамымыздың мықты бір буыны. Советтік семьяның іргесін шайқалтып, берекесін бұзғандарға кешірім жасамай, қатаң шара қолдануымыз қажет.
Шақпақ АРТЫҚБАЕВ, 1926 жылдан КПСС мүшесі,
Шәріп ӨТЕПОВ, 1928 жылдан КПСС мүшесі.
(«Қазақ әдебиеті», 1 желтоқсан 1961 жыл).
Баукең өзі туралы жазылған бұл мақаланы газет жарыққа шыққан соң бір-ақ біледі. Ол туралы былай деп жазып кетіпті.
«1 декабря 1961 года. Я спал. Меня разбудила она.
- Міне, алғын, С. иттік істепті, – этими словами она показала мне свежий номер газеты «Қазақ әдебиеті».
Она была возмущена до предела. Я ей сказал, что ничего неожиданного не случилось. Все это проделки М., а на остальных не стоит обижаться.
Пошел в Союз Писателей, все смотрели в окна. Когда я поднялся в вестюбиль, там стояли пять-шесть писателей, кольцом окружая коптированного секретаря С. Ш. Со всеми поздаровался за руку и, задержав руку С. Ш. сказал:
- Из всех твоих произведений самое талантливое – это твоя сегодняшняя статья.
Все рассмеялись…
Как прилетел в Москву, Г. М. позвонил Г. К. и другим членам редколлегии и добился снятия моей статьи (рассказ) из «Литературной газеты».
Начались всякие хулиганские звонки к нам домой».
Міне, қаһарман қолбасшы ретінде қазақ халқының атын шығыс пен батыс елдеріне танытқан мақтанышымызға еліміздегі «сөзуар, білгіштер мен законшік, көргіштер» иттік (Баукеңнің үйіндегі апамыздың сөзі – К.С. ) жасады. Сонда дейміз-ау, Абайды боқтап, жұдырық ала жүгірген, Бауыржанды жамандап мақала мен арыз жазғандардың ұрпақтары бүгінгі замандастарын аяйды дейсіз бе? Жоқ, аямайды. Бастары қосыла қалса «Үстінен арыз жазайық!» дейді. Оларға аға болып ақыл айтатындар «Қойыңдар, ұят болады» деудің орнына «Дұрыс, жазыңдар! Қайтер екен…» деп, айтақтап тұрады. Міне, Абайдың «Сегіз аяғында» бастан аяқ айтылатын шер мен шеменннің түп сыры осы!
«Тарихыңа топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» деген сөзді авар ақыны Расұл Ғамзатов дұрыс айтып кеткен. Сол тұстағы Бауыржандай тірі тарихына топырақ шашқандарға, болашақ тас атты. Топырақ шашқандардың аты-жөндерін ешкім де еске алмайды, ал батыр Бауыржанның әрбір мерейтойын халқы мен мемлекеті жоғары деңгейде атап өтіп жатыр. Кітаптары том-том болып басылып жатыр. Архивтері аршылып, бұрын жарияланбаған тың мақалалары, ойлары, күнделіктері жарыққа шығып жатыр. «Қазақ әдебиетіне» жарияланған өзі туралы бәлелі мақаланы да сақтап қойған екен, Баукеңнің архивінен ол да сопаң ете қалды.
Баукең туралы жазылған бадамша сақаудың балдыр-батпағына «Шақпақ Артықбаев, 1926 жылдан КПСС мүшесі, Шәріп Өтепов, 1928 жылдан КПСС мүшесі» деп қол қойған «моралист» коммунистер кім? Неге олар С.Ш. мен Г. М.-лардың айтақынмен жүріп, айдауына кө,нді? Айтағына үрді? Өз ой-пікір жоқ, мәңгүрт мәнзелдес міскіндердей «жаз» дегендерге, жазып бере салатын, «қол қой» дегендерге, «қолын қойып» бере салатын соншама қор боп жаратылғандары несі? Ал, жазды. Ал, қол қойды. Ал мораль оқыды. Бірақ одан не шықты? Қазақтың батыр Бауыржанын мұқатып, сағын сындыра алды ма? Қайта халықтың батырына деген махаббаты одан бетер үдей түскен жоқ па?! Сол тұстағы Қазақстан Компартиясы Орталық Комиетінінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтан бастап идеолгтарына дейін «Дұрыс жазыпсыңдар, әп бәрекелді» деді ме? Жоқ, ондай әңгімені естіген жоқпыз. «Бәрекелді!» деп Баукеңді париялық тұрғыдан жазаласа архивтерден бірдеңе-сірдеңе табылар еді ғой, ол осы уақытқа дейін жазылар еді ғой.
Жоқ, ондай дерек те, дәйек те жоқ. Дерек пен дәйек тұрмақ, коммунистік мораліңнің де, коммунистік партияңның да аяғы аспаннан келді. Шаңырағы ортасына түскен кеңес өкіметімен бірге жоқ боп кетті. Қалған не? Қалған — Баукеңнің батыр бейнесі, аңыз болып кітаптан-кітапқа, ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұраққа көшкен бірбеткей мінезі. Коммунистер қазақтан мінезісіз халық жасағысы келген. Сондықтан мінезді ұладрын себебін тауып өсірмей, қайта өшіріп отырған. Баукеңе де отаршыл империяның бишігіне бас имейтін көкжал болған соң өшіге қараған. Соның салдарынан ең құрығында Алматы қалалық әскери комиссариаттың басшысы деген қызметті көп көрген.
Содан кейін Баукеңнің соңында асыл сөзі қалды. Ол Сөздің артында арыстанша ақырып Баукеңнің өзі тұрды. Сөйтіп іштен шыққан шұбар жыландар бар, империялық биліктің иықтылары бар, бәрі жабылып жүріп өздері жүндегісі келген халық батырының абыройын аспанға бір-ақ шығарды.
Ал 1926 жылдан КПСС мүшесі Шақпақ Артықбаев пен 1928 жылдан КПСС мүшесі Шәріп Өтеповті ешкім білмейді. Тарих та, бүгінгі ұрпақ та керексініп, іздеп жатқан жоқ. Ал біреулердің айтақтауымен батыр Баукеңді қаралаған коммунистер жазған морали мәселесымақты Баукеңнің өзі былай деп баяндапты.
«Менің шығарған өлеңім бар. Ол:
«Өзім батыр, жазушы атағым бар,
Көп қатын алды деген шатағым бар…»
деп келеді» дейтін батыр Баукеңнің жазбасында, әлгі моралист коммунистер жазған оқиғаны мүлде басқа қырынан танып, білуге болады.
Баукең өміріне көрік, жанына серік болған жарларын жек көре тұрып жақсы көреді, жақсы көре тұрып жек көреді. Бұл, әсіресе, Ғайникамал туралы жазбаларында көп кездеседі. Бірде «Біраздан соң Ғайникамал «Қазақ вальсін», «Черные глаза, черные ресницаларды» айтып берді» немесе «Ғайникамал тарелканы алып, балық етін сүйегінен тазартып, менің алдыма қойғанда, отырғандар таң қалды. «Әйел теңдігін өзіміз осылай таптасақ, еркектерден не күтуге болады» деген көзқарасты сезген Ғайникамал: «Бауыржан балық жей білмейді» деп жылы лебіз білдірсе, енді бірде «порядочный әйелде үш қасиет болуы керек. 1-ші қасиет – байын күте білу; 2-ші қасиет – үйін ұстай білу, 3-ші қасиет – бал-шағасын тәрбиелей білу. Осы үшеуі жоқ әйел — әйел емес. Жеңгеңде осы үшеуінің біреуі де жоқ. Чем это обьясняется? Это обьясняется вполне естественно. Она эстрадная актриса по профессий. Сол школа бұл кісіні қатты бүлдірген. Эстрада дейтіннің өзі глупая вещь. …Содан кейін бұл кісі 3-4 ай командировкада жүреді ғой. Сөйтіп жүргенде үйден хабар, байдан хабар, баладан хабар болмайды» деп қатты кетеді. Бірақ «ат айналып қазығын табады» демекші, батыр жүрегі бәрібір сол кісінің жанына жалау болып жүргенін қалайды.
Міне, осы Ғайникамалмен қалай танысқанын Баукең жіпке тізгендей былай баяндапты. Жазбаны оқи отырып, кезіндегі «Ойбай, қарауыл! Баукең біреудің қатынын курортқа алып қашып кетіпті» деген сөздің — өсек, мақаланың – жалған байбалам екеніне көзіңіз анық жете түседі.
«Я ее впервые встретил осенью 1936 года. Ей было 16 лет. Училась она в хореографическом училище. Она жила в соседней квартире, где я останавливался, приезжая в отпуск с Дальнего Востока.
Через два года я ее увидел в трамвае. Она была накрашена, размалевана, на голове у нее была одета шапка из куницы не то в форме казахской шапки, не то в форме боярки.
— Она недавно вышла замуж за сороколетнего с расчетом, — шепнула мне соседка.
Зима 1943 года. Мы стояли под холмом. Она приехала в составе казахстанской бригады. Впервые мы познокомились там. Самостоятельно она приезжала дважды ко мне с ночевками.
В свой приезд в Алма-Ату зимой 1944 г. мы продолжили свое знакомство и встречи, почти каждый вечер не то у нее, не то у Жусупбека.
Раннею осенью 1954 года она неожиданно приехала ко мне в Калинин, прожила три дня.
После демобилизаций прибыл в Алма-Ату. 1956 год. Две-три случайные встречи на улицах.
Она позвонила ко мне из больницы.
Через три дня неожиданно вечером пришла сама. Мы не могли поговорит, так как дома была Музей апа с детьми. Через день поехали в Талгар и обратно. Через два дня вечером пришла. Осталась ночевать. У нее было очень тяжелое состояние – 240 ударов. Частое-частое сердцебиение было слышно на довольно большом расстоянии.
Она была беспомошна и беззащитна. Я предложил ей поехать к своим детям, отдохнуть, успокоиться, подумать насчет интересов остальных четырех, найти общий язык с мужем. При возможности сьездить на курорт. Время и отдых, возможно, улучшат ее здоровье и сгладят их взаимоотношения. А уход из дома – это поступок весьма крайний и вынужденный, когда нет другого выхода. …Она сказала, что муж оскорбляет ее, бьет. Она отказалась поехать домой. Я ее положил спать. «Я хочу умереть здесь, на твоих руках», — сказала она почти в полузабытьи. Сердце ее сильно колотило. Я ночю не спал».
Баукеңнің Ғаинкамал туралы сырларының бұл бір пұшпағы ғана. Нағыз шындыққа көз жеткізу үшін Баукеңнен қалған бай мұраға терең үңілу қажет. Тағдыры тұйыққа тірелген Ғаиникамалды хал үстінде жатқанда қанатының астына алып, соңындағы үйелмелі-сүйелмелі қыздарын туған қыздарындай бауырына басуы тек қана үлкен жүректі адамдарға тән қасиет екенін ойлап тәнті боласың. Бірақ әлсіз әйелге қамқорлық жасаймын деген ақ-адал ниетін басқалай түсінгендер ҚКП ОК мен Кремльге арыз бен өсекті қарша боратып, «Артымызда Мәскеу» кітабын жоспардан сыздыртып тастайды. Ш. Мусинмен ауру әйелі мен балалары туралы әңгімелеспек болған ниетіне де біреулер кедергі жасайды. Мына жолдарды оқыған кезде басқалардың қандай көңіл күйде болатынын қайдам, менің көңілім босап кетті.
«Пришли дети. Она их встретила холодно. Не обнимала их, не целовала их. Казалось, была к ним равнодушна. (Видимо отцовские черты на их лицах оттолкнули ее). Маленькая Макпал раздеваясь, сказала:
— Мама, пойдемте домой. Он больше не будеть ругать и бить вас.
Дети были очень плохо одеты. У Макпал ботинки «кашу просили», у нее были мокрые ноги. Кемель был обут в резиновые тапочки. У Шапиги – старенькие брезентовые туфли… Сразу же тут же одели и обули в привезенные для них из Москвы одежду и обувь. Они повеселели.
— Вот все это для вас купил Ата, — сказала она, подавая им чай.
Дети с самого начало не отчуждались от меня. Они жили у нас два дня. Искупались, переоделись, резвилсь… Я заметил, что они трое все были зашибленными, но я не брезговал ими. Потом Мусин потребовал их к себе. Тон требования был угрожающим. Старшие после уроков забегали к нам под разными предлогами, а Макпал Мусин не пускал.
— Макпал так вчера плакала. Хотела пойти сюда. К маме хочу, и все, — как-то сказала Шапига. Это я услышал случайно. Я всегда уходил в кабинет и никогда не мешал их свиданям.
Мусин попросил, чтоб Макпал жила у нас. Мы ее приняли. Аккуратно отводили в детсад и приводили обратно. Приходилось часто ездить за нею на такси так как она (мать) не могла ходить пешком в зимние вечера».
Ұлы тұлғалардың талайлы тағдыры, отбасы және нақсүйерлері туралы ізденудің, жазудың кез-келген қаламгер тәуекел ете бермейтін өз қиындығы бар. Өйткені нақты деректен бейхабар ағайындар әрқалай айтады. Адастырады. Содан кейін кейіпкерлеріңнің артында қалған көзі тірі ұрпақтары жазған дүниеңді құп көре ме, көрмей ме деген шетін мәселе бар. Бірақ жаудан да, даудан да беті қайтпаған қайран да қайран қайсар Баукең бүгінгі ұрпақтары шындықты айта алмай бүгежектемесін дегендей бізге көп көмек қолын созып кетіпті. «Анау айтты, мынау айтты» деген өсекке малданып, босқа арамтер болмасын дегені шығар. Ақиқатты ғана айтып, шындықты ғана жазғанды пір тұтып өткен Баукең туралы бүгін де тек қана ақиқат айтылып, шындық жазылуы тиіс.
Әртүрлі жаман әдеттерді «обыр», «індет», «жегі құрт» деп жаман ауруларға теңеп жатамыз. Сол сияқты арызқойлық та еліміздегі «жаман дерттің» бірі. Әркім өзіне ұнамаған басшының үстінен арыз жаза берсе қоғам не болады? Қандай күйге түседі?
Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді. Жұмыс істеген соң азды-көпті қателіктер болады. Сол үшін «Үстінен арыз жазайық» деушілер мен «Дұрыс, жазыңдар» деп оларды қолдап, қолпаштаушылардан сақ болған ләзім. Ал арызқойлар әр мекемеде бар. Бір емес, бірнешеу болып ұйымдасып жүруі де мүмкін. Бірақ салқынқанды ақылға салып, салмақтап қараса, арыз жазғандар мен солардың арыз-шағымдарына арқау болған азаматтардың бет бейнелері мүлде бөдлек. Біреуі иілмейтін емен сықылды болса, екіншілері күнбағысша иіліп күнкөретіндер ме деп қаласың.
Ең бастысы, Ер Баукең өле өлгеше өз биігінде қала білді. Бір қызығы, кейін арада біраз жыл өткен соң Баукеңнің үстінен фельетон жазғандардың бірі оны меумуарына мақтап жазды.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.


