140 рет оқылды

2022 жылғы 9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық биылғы жылғы

9 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.