191 рет оқылды

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден келіп түсіп жатқан басым бөлігі ағымдағы және жүйелі сипаттағы мәселелер туралы баяндады.   Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Үкіметте осы тұрғыда 160-тан астам проблемалық мәселелер қаралды, олардың 75% оң шешімін тапты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, кәсіпкерлерге қабылданып жатқан шешімдер жайлы тұрақты түрде хабарланып отырады. Бизнес қоғамдастықтың қазақстандық жүктердің тасымалдануына қатысты алаңдаушылығына байланысты «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Н. Сауранбаев экспорттық бағыттағы жүктерді тасымалдау темір жол көлігімен де, теңіз порттары арқылы да штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, Н. Сауранбаев ҚХР-ға және кері бағытта темір жол көлігімен жүк тасымалдау бойынша ешқандай кедергілердің жоқ екенін жеткізді. Еуропа елдеріне үздіксіз жүк тасымалын қамтамасыз ету мақсатында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Әзербайжан және Грузия (Баку, Батуми және Поти порттары) бағытында тасымалдау көлемін ұлғайту мәселесі пысықталуда. Өз кезегінде, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев Ақтау және Құрық порттарын пайдаланудың әлеуеті зор екенін атап өтті, себебі олардың қазіргі жүктемесі небары 23% ғана құрап отыр және жеткілікті резерв бар. Сондай-ақ, Рига, Вентспилс, Лиепая Балтық порттары арқылы өтетін қосымша бағыттар пысықталуда. Контейнерлік тасымал көлемін арттыру үшін отандық контейнерлер өндірісін ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. 2022-2023 жылдары 2 млн тонна жүкті контейнерлеу және контейнерлік тасымалдар үлесін 30%-ға дейін (экспорт) көбейту жоспарланған. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы М. Әбілқасымова, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары А. Баймағамбетов және «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаяхметова баяндады.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.