0 рет оқылды

«Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2026 жылға Талас ауданынан 876,8 млн. теңгеге 8 ауылшаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.

 

Оның ішінде сүт өндіру бойынша 34,6 млн. теңгеге («АRTAZA» АШК) несие алды. Жоба бойынша қуаттылығы жылына 12 мың тонна «ARTAZA» брендімен сублимацияланған сүт өнімдерін өндіруге арналған кәсіпорынның  жалпы құны 850,0 млн теңгені құрайды.

 

Кәсіпорын 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Инфрақұрылыммен қамтылуы (электрэнергиясы) үшін 28,3 млн теңгенің жобасы іске асырылды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық аяқталып, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Егін шаруашылығында (техника алу, су үнемдеу технологиялары) 31,5 млн. теңгеге 1 жоба («Агрохолдинг Талас» АШК) қаржыландырылып, тиісті ауылшаруашылығы техникаларын сатып алып, өз жұмыстарын табыспен жалғастырып отыр.

 

Мал бордақылау бойынша 810,7 млн. теңгеге 6 жоба («Жәрдемші», «Үштөбе агро» АШК, «Нұрахмет» АШК, «Жандаулет» АШК, «Медина» АШК, «Үшарал ет 5-ферма» АШК) іске асырылды.

 

Мал бордақылау бойынша 703,8 млн. теңгеге 6 жоба («Жәрдемші», «Нұрахмет» АШК, «Жандаулет» АШК, «Медина» АШК, «Үшарал ет 5-ферма» АШК) қолға алынып, 8 кооперативке 264,5 млн теңге, 65 кооператив мүшесіне 490,0 млн. теңге қаражат берілді.

 

          Жалпы кооперативтер тарапынан 223,8 млн. теңгеге – 2230 бас уақ мал, 40,7 млн теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар, кооператив мүшелері тарапынан 65 мүше 490,0 млн. теңгеге 4300 бас уақ мал сатып алынуда.

 

Болжам бойынша жылына 150-170 тонна бие, түйе сүтін өндіру, 180-200 тонна қой етін өндіруге өткізу жоспарланып отыр. 65 адам жұмыспен қамтылады. «Ауыл аманаты» жобасының І және V бағыттары бойынша «Тараз» ӘКК» АҚ  арқылы барлығы 76,6 млн тенгенің 11 жобасы іске асырылды.

 

          Аудан бойынша бағдарламаның орындалуына келсек, Қаратау қаласы 51,2 млн. теңгеге 7 жоба қолға алынды. Олар: фасфуд, сабын өндірісі, пластик терезе өндірісі, кілем жуу орталығы, сүт  өнімдерін шығару, тігін шеберханасы, ТЖО орталығы.

 

Аққұм ауылдық округінен 7,5 млн. теңгеге 1 жоба. тігін шеберханасы жүзеге асырылмақшы. Қызыләуіт ауылдық округінен 17,9 млн. теңгеге 3 жоба қолға алынып, 1 тігін шеберханасы мен  2 жылыжай іске кіріспек.

 

«Ауыл аманаты» жобасының І және V бағыттары бойынша «Тараз» ӘКК  арқылы қосымша 29,5 млн тенгенің 4 жобасы мақұлданып, қаржыландыруды күту үстінде.

 

«Тараз» ӘКК» АҚ

баспасөз қызметі.

 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру