29 рет оқылды

Алматы қаласы жемқорлыққа қарсы қызметі елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды бастаған «Ария-Жаңа Астана» компаниясының жетекшілігіне және «Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізуде.

Олар елімізде 2017 жылы өткен Универсиада нысандарын жөндеу үшін 2019 жылы бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

«Ария-Жаңа Астана» компаниясының жетекшілеріне қатысты басқа аймақтарда да тергеу басталған.

«Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді» дейді жемқорлыққа қарсы мекеме қызметерлері

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.