Моңғолияда әйелдер күресі аясында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионаттың алғашқы күні қазақ қызы Мәдина Бақбергенова алтын медальға ие болды.
68 кг салмақта күрескен Мәдина финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қырғыздың балуан қызы Мәриям Жұманазаровамен белдесті. Белдесудің алғашқы сәтінде 2:1 есебімен алға шыққан Мәдина, кездесудің соңғы секундтарында тағы да сәтті әдіс қолданып 3:2 есебімен жеңіске жетті.