62 рет оқылды

Алматы қаласының прокуратурасы осы қаланың мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген не үшін күдікке ілініп, ұсталғанын хабарлады.
Қ. Құдайберген 21 сәуірде прокуратураның мекемеаралық із кесу-жедел тобымен «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау орнына қамалған болатын.
Прокуратураның алдын ала тергеуі бойынша «Қ. Қ. Құдайберген А. Б. Жұмагелдиевпен («Жабайы Арман») бірге «Қазақстан» қонақ үйіне адамдарды жинауды ұйымдастырып, оларды Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасуға шақырған. Жиналғандарды 10 адамнан топ-топқа бөліп, оларды біліп отыру үшін қолдарына ақ шүберек байлап алуға тапсырма берген. Содан соң топпен бірге алаңға барып, билікке талаптарын қою үшін сол жерде штаб құрған».
Прокуратура «Құдайбергенов пен Жұмагелидевтің заңға қарсы ұйымдастырған акциясы күш көрсету мен түрлі дәрежедегі дене жарақттарына соқтырған жаппай төбелеске ұласты. Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және оны ұйымдастырғаны «Қазақстан» қонақүйінен алынған бейнебақылау жазбаларынан, Жұмагелдиев тобынан ұсталғандардың ұялы телефондарындағы жазбалардан және осы оқиғаны өз көздерімен көргендерден алынды» дейді.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.