156 рет оқылды

22 сәуір — жұма күні Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі 20 қазақ отбасы атамекеніне келді. Оларды Алматы әуежайынан  «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұқан Мамытхан бастаған елжанды азаматтар қарсы алды.

– 2017-2018 жылдарыы Қытайда тұратын 100 үйге көші-қон шақыртуын жібергенбіз. Соның алғашқы легі келді. Жылдың аяғына дейін шақырту алғандар түгел келуге тиіс, – дейді Мұқан Мамытхан.

Атамекеніне оралғандардың арасындағы алпысқа иек артқан Оралтай Нұрдынай Құлжа қаласынан келіпті. -Отбасында жеті адам бар. Қытай билігі қазір тек отбасымен толық көшетіндерге ғана рұқсат беріп отыр. Құлжадан Үрімжі-Шенг Ду арқылы төрт күн жүріп келдік. Атажұртқа жеткенімізге қуаныштымыз, — деді.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.