Былтыр 20 қыркүйекте Алматы қаласының Ақбұлақ шағын ауданында 5 адамды атып өлтірген Игорь Джуновқа қатысты үкім шықты.
Ол 2 полиция қызметкері мен 1 сот орындаушысын және банкте кепілде тұрған И. Джуновтың үйін сатып алмақшы болған қожайын мен оның қасындағы куәгерді бірер минуттың ішінде атып тастаған.
-Дужнов бес адамды өлтірді. ҚР ҚК-де мұндай аса қауіпті қылмыс жасаған адамды өмір бойы бас бостандығынан айыруды қарастырады. Адам өлтіру оқиғасының оқ ататын қару арқылы болуы қылмыстық жауапкершілік пен жазаны қатаңдата түседі. Ол өз кінәсін бәрібір мойындамады. Жасаған қылмысына өкінген жоқ. Жәбірленуші жақтан олардың туған-туыстарын өлтіргені үшін кешірім де сұрамады. Осы жағдайларды ескере келіп сот мемлекеттік айыптаушының көзқарасымен келісіп, оны бас бостандығынан өмір бойы айыру туралы әділ жаза кесті, — дейді мемлекеттік айыптаушы Әлішер Мырзаханов.
«Ақбұлақ атқышы» атанған сотталушы И. Джунов бес адамды өлтіргенге дейін шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқан. Банкі мен фирмаларға, жекелеген адамдарға қарызға батқан. Адамдарды ату оқиғасы банкте кепілде тұрған үйін аукцион арқылы сатып алған адамдар құқық қорғау өкілдерімен және куәгерлермен бірге келіп, босатуды талап еткен кезде болған.