35 рет оқылды

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласын тастап, туған ауылына кетіп қалған.  Бұл туралы журналист-кәсіпкер Арманжан Байтасовқа сұхбат берген Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты.

-5 қаңтарда комендант болған полиция департаментінің жетекшісі Серік Күдебаев облыс әкімдігі мен оның маңындағы жағдайды бақылауында ұстай алмады. Соның салдарынан, облыстық полиция департаменті, қалалық басқарма және облыстық әкімдік ғимараттарын ереуілшілер басып алды. «Нәтижесінде» азаматтық билік олармен бетпе-бет жалғыз қалды. Мен полиция департаментінің басшысын іздедім. Бірақ оны келесі күні таңертең Талдықорған қаласынан 300 километр жерден таптым. «Сен неге кетіп қалдың?» деп сұрасам ол: «Басым жарылды, аяғым ауырды, отбасымды алып кеттім» дейді.

Алматы облысы әкімінің шындықты бетке айтқан сұхбатынан кейін, қиын-қыстау кезде облыс басшысына бір ауыз ескертпестен ел тәуелсіздігі мен өңір тұрғындарының қауіпсіздігі үшін өте маңызды да жауапты қызметін тастап, Күдебаев мырзаның ауылына кетіп қалуына не себеп болды екен деп ойлайсың.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.