69 рет оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысының Ақжар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

2003 – 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып та қызмет еткен.

Қазақ әдебиетін шетел­дерде насихаттауды шығарма­шылығына  ұстаным кеткен Мәлік Отарбаев  еліміз ғана емес, түркі дүниесіне белгілі автор. 

Алғашқы кітабы – «Ойқазан» атты әдеби-философиялық ойтолғауы 2010 жылы жарық көрді. 2017 жылы «Баянды бақ» атты пьесасы Атырау облыстық Махамбет атындағы драмалық театры сахналанды. Аталған спектакль ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі аясында М.Горький атындағы драмалық театрында қойылды. Түркияға арнайы шақырту алды

Түркияда ай сайын шығатын «Кардеш калемлер» журналына Сүйінбай, Жамбыл, Б. Соқпақбаев, Ш Мұртаза, О. Сүлейменов, Н.Оразалин, Р. Отарбаев сынды қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтары жөнінде материалдарды жинақтап, түрік тілінде жариялатқан.   Түрік тілінде жазған көркем әңгімелері шетелдік және республикалық баспасөз беттерінде жарық көрді. Әзербайжан, орыс, қырғыз тілдеріне аударылды.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.