54 рет оқылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қазақтар туралы мысқыл мен мазаққа, қорқыту мен үркітуге толы сайқымазақ сөзіне қарсы өз пікірін білдірді.

-Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлаудан тұратын және біржақты сөзі назарға алынады. Мүмкін оның сөзі ресейлік қоғам мен саяси құрылымның белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін шығар, бірақ екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді», — деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

-Сыртқы істер министрлігі мұндай сөздер «тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық серіктестік қарсыластарына көмек болады. Тигран Кеосян Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне кіреді деп ойлаймын, — деді министрліктің баспасөз хатшысы.

Мәселенің мәнісін  айтсақ, 24 сәуірде Т. Кеосаян YouTube арнасында видео жариялап, онысында «Ресейді қолдамасаңдар сендердің күндерің де Украинадағыдай болады, сондықтан жүріп бара жатқан пойыздың (Ресейдің) ең болмаса соңғы вагонына қарғып мініп үлгеріңдер» деп Қазақстан халқын (билігін де деп түсініңіздер) қорқытып-үркіткен,  намысына, ар-ожданына тиетін жаман сөздер айтқан.

Орыстарда «Муж и жена — одна сатана» деген сөз бар. Тигран Кеосаян — RT телеарнасы, «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі. Ол да бұған дейін Қазақстанға қарата бірнеше рет аузына келгенін айтқан болатын.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.