19 рет оқылды

Алматы прокуратурасының хабарламасы бойынша, Алматыда жеке сот орындаушы өндіріп алынған қыруар қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

-Жеке сот орындаушы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны ұрлаған. Сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иеленіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды, — делінген хабарламада.

Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, А. атты жеке сот орындаушының қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру