167 рет оқылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Ол мұнда «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» тырнақалды (пилоттық) жобасының жүзеге асу барысымен танысып, нәтижесін көрді.
Жоба аясында облыстың 10 ауданындағы 11 тырнақалды (пилоттық) жобаға кіріскен ауылдық округінің (25 елді мекен) тұрғындары мен жаңадан ашылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативіне жеңілдетілген несие берілген.
Бес бағыт бойынша қолға алынған бұл тырнақалды жобаның алғашқы кезеңі бойынша жеке кәсіпкерлер саны 2282-ге артып, 589 жаңа жұмыс орындары ашылыпты. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1058 отбасыға немесе 65 пайызға кеміген. Бұдан бөлек, жобағы қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге, немесе 165 пайызға артқан.
Жобаны қолдап, оған қатысқандар өздерінің жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыта отырып, үй іргесіндегі жерді игеру көрсеткішін 329 гектарға арттырыпты. Сонымен қатар, жалпы көлемі 2 га құрайтын 14 жылыжай салынған. Ал 11 тұрғын өз кәсібін ашып, жобасын іске қосты. Пилоттық жоба округтеріндегі мал саны 37 308 басқа (125%) өсіпті.
Жамбылдық тырнақалды жобаның тиімділігі туралы Ералы Тоғжановқа облыс әкім Нұржан Нұржігітов егжей-тегжейлі баяндап берді. Премьер-Министрдің орынбасары Жамбыл өңірінде басталған осы жобаның арқасында шаруасы түзелген аулалар мен шағын кәсіпорындарды аралап, олардың жай-күйін өз көзімен көрді. Ол жобаның жоғары мультипликативтік тиімділігіне назар аударып, оның тұрғындардың тұрмысын жақартудағы маңызды рөліне тоқталды және ізденістен туған игілікті істі еліміздің басқа облыстарына тәжірибе ретінде тарату керектігін айтты.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
NAIZAGER..kz
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.