533 рет оқылды

Тексеру комиссиясының басшысының да араны ашылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлаған мәліметке қарағанда «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанатбек Жапаров пара алды деген күдікпен ұсталған. Нақтырақ айтсақ, ол аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша дұрыс шешім шығарып берем деп бір ЖШС-ның директорынан 3 миллион теңге талап еткен.

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ж. Жапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жапаров Жанатбек Тұрсынбекұлы 1964 жылы 11 мамырда Жамбыл облысы Билікөл ауылы Жуалы ауданында туған. 1985 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. 1985 жылдың тамызы — қарашасы аралығында  Жамбыл ауданының «Пионер» совхозының құрылыс жөніндегі бухгалтері. 1988-1990 жылдары —  Жамбыл аудандық аграрлық бірлестігінің аға экономисті, аға бухгалтері. 1990-1991 жылдары —  Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті. 1991-1992 жылдары — Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бас салық инспекторы. 1992-1996 жылдары — Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі. 1996-1998 жылдары — «Қызыл -Октябрь» колхозы басқармасының төрағасы. 1998-2005 жылдары — «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы. 2005 жылғы ақпан — 2011 жылғы қыркүйек аралығында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары. 2011 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың маусымына дейін Жамбыл Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі. 1999-2003 жылдар аралығында Жамбыл аудандық мәслихатының, 2003-2005 жылдар аралығында Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты. 2018 жылғы 29 маусымындағы Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. 2019 жылғы 21 маусымындағы Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды..

«Ерен Еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» медальдары және «Үздік мемлекеттік қызметші» , «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған..

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.