75 рет оқылды

Еліміздегі қазіргі сөз референдум туралы боп жатыр. Білген де, білмеген де әйтеуір бірдеңе деп қалуға құмар. Бірақ талқылауға ұсынылған баптарға жеке-жеке тоқталып жатқандар аз.

Мысалы, 71 бапты алайық. Онда Конституциядлық сот Төрағасының өкілеттілігі бақандай алты жыл болады деп көрсетілген. Ол және қатарынан екі рет сайлануға құқылы екен. Егер Төрағаның жолы болып, екінші рет сайлана қалса, онда ол бір орнында табандатқан 12 жыл отырады деген сөз. Ал бізің Үкімет пен министрлік нәйеті 100 щақты баласы бар кішкентай балабақшаның меңгерушісі бір орнында 5 жылдан артық отырса, «ойбай, мынауың көп» деп, ротация жасап жатыр.

Менің ұсынысым, Конституциялық сот Төрағасының өкілеттілік мерізімі 6 жыл болса, ол соған рахмет айтуы керек. Өйкені алты жылда көп жұмыс жасауға болады. Ал алты жылдан ары қарай ой-санасы «қалғи» бастайды. Бір сөзбен айтқанда, жан-жағына тамыр жаяды. Өзі жаймаса да жан қоймайтын шырмауықтар он рет орап ап, қылқындыра бстайды. Жемқорлармен таныс-біліс боп, ауыз жаласады. Жағымпаздары, жарамсақтары көбейеді. Сондықтан 6 жылдың өзі Конституциялық сот Төрағасына молынан жетеді.

Қазір жаңарған заман. Бізде бұрынғы басшыларды мерейтойларына орай өткен жиындарда «Бұл бәленшекең бір орнында 10, 20 немесе 25, тіпті, 30 жыл басшы болған» деп мақтайтын оңбаған дәстүр бар. Бірақ ол басшы сол іш пыстырар ұзақ жылдарда бір орнында қаншама жемқорларды көбейткенімен, сыбайластарын сайрандатқанымен шаруалары шамалы.

Конституциялық соттың болашақ Төрағасы екі туып, бір қалғаным болса да айтарым осы. Әйтпесе, өкілеттілігі 3 жыл болып, екінші рет тағы да сайлануға мүмкіндік берілсін.

Қалай дегенде де Конституциялық сот Төрағасына 12 жыл тым артық.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.