296 рет оқылды

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әлия Ахметова ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 000 000 теңге айыппұл төлейтін болды

Тараз қалалық №2 сотының 24 мамырдағы үкімімен департамент басшысы Ә. Ахметова, осы департаменттің бөлім басшысы К.Кірғабақова және бас маманы М.Сармолдаев ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, әрқайсысына мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 000 000 теңге айыппұл салынды.
Олар алдын ала келісіп, зергерлік сауда орындарында профилактикалық бақылауды тағайындамағаны үшін жеке кәсіпкерден 100 000 теңге көлемінде пара алған.
Жүз мың теңге үшін 6 миллион айыппұл төлеген олар бұдан былай мемлекеттік қызметтің маңайынан жүрмейтін болды.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.