207 рет оқылды

22 маусымда ҰҚК сотқа дейінгі тергеу аясында ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Д. А. Ділманов ұсталды. Генералмен бірге Алматы облысы бойынша «Нұрлы жол» шекаралық бақылау бөлімінің басшысы, майор Н. Арысбаев және басқалар да тұтқындалды. Уақытша ұстау шарасына іліккен оларға Қазақстан-Қытай шекарасы бекетінде биліктерін асыра пайдаланды деген күдік бар. 

Дархан Ділманов аталған қызметінен биыл сәуір айында босатылған болатын. Бұл қызметті ол 2015 жылдан бастап атқарған. Ал 1998-2015 жылдары ҰҚК Шекара қызметінің лауазымды қызметтерінде істеген.

2020 жылы Президент жарлығымен генерал-лейтенант атағын алыпты.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.