155 рет оқылды

«Назарбаев қоры» деген атты жамылған Назарбаевтар әулетінің иелігіндегі «Jusan bank»-тің акциялары мемлекетке қайтарылады. 

«DALA инсайд» telegram-арнасының хабарлауынша, «Назарбаев қоры» тарапымен өткен келіссөз оңай болмаған. Кәдімгідей «саудаласқан». «Сауда» барысында назарбаевтар әулетінің «еркелері» мен «серкелері» Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалды аса қатты қудаланбауы тиіс» деген де талап болғанға ұқсайды. Талаптың нәтижесі болуы керек,  «Jusan bank» мемлекеттің меншігіне қайтарылатын бопты.

«Jusan bank», бұрынғы Цеснабанк кезінде мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржы шамасында қолдау көрген «күлшелі» банк. Акционері – «First Heartland Securities» АҚ болса «Назарбаев қоры» деген атпен белгілі қорға қарайды. Ол акционер өткен 2020-2021 жылдары банктен 113 миллиард теңгені дивиденд ретінде «қағып» алған.

-Бүгін «First Heartland Securities» АҚ Директор кеңесі төрағалығынан Асқар Сәрінжіповтың кеткені белгілі болды. Сонымен қатар кеңес құрамынан Назарбаевтың көп жылдан бергі көмекшісі, сенімді адамы Ербол Орынбаев та кетіп отыр. Бұл – «Назарбаев қорына» қарасты активтерді: «Jusan bank», «Назарбаев университеті» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» мемлекетке біртіндеп қайтару жұмысының басталғанын білдіреді.

«Jusan bank» 2021 жылғы аудит есебін әлі жарияламай отыр. Қалған банктердің барлығы жариялап қойды. Соған қарағанда, алдымен акционерге (Назарбаевқа) таза пайдадан толық дивидендтер төлетіп, шешім шығарып, содан кейін барып жариялайтын сияқты. Қазір бәрібір мемлекетке өтетін болғандықтан, Назарбаев қоры тарапынан «Jysan bank»-тің қаржысын барынша жеп қалуға деген ниғыл байқалады, — делінген хабарламада.

«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деген, «сауда саттық» пен адам «айырбастың» көкесін енді көретін сияқты жұрт.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.