69 рет оқылды

Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес қызметі Ұлттық музейдегі ұрлық-қарлықты індете іздеп жатыр. Тергеу елдің ең басты музейінің басшылығына және одан басқа да жемсауы үлкен жемқорларға қатысты.

Агенттіктен жеткен соңғы мәлімет «Ұлттық музейде 2017-2018 жылдары нысандардың 3D моделін жасау жобасы бойынша аса ірі көлемде ақша жымқыру орын алған» дейді. Атап айтсақ, Ұлттық музей басшылығы осы жоба бойынша жұмыс істеуге жалданған ұйымға 1,3 млрд теңге ақы төлеген. Бірақ агенттіктің эксперттік зерттеуі атқарылған жұмыстың нақты құны бар болғаны 83,4 млн теңге болуға тиіс деп отыр.

Бұл нені көрсетеді? Әрине, Ұлттық музей жетекшілерінің арандары ашылғанын көрсетеді. Олар атқарылған жұмысқа төленген соманы 100 немесе 200 миллион емес, 1,2 млрд теңгеге өсіріп жазған.

Мұның алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты 146 млн теңге ұрлады деген күдікпен тергеу жұмысын бастағаны белгілі. Ал 29 мамырда Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тұтқындалды деп хабарланды.

Енді не болар екен?

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.