Қайрат Сатыбалды, Гүлнәр Сатыбалды және мен Қайрат Боранбаевтардың ісіне байланысты жаңа деректер анықталды. Қазіргі кезде тексеру органдарының шара қолдануымен шетелде тіркелген компаниялардағы 230 миллиард теңге ел қазынасына қайтарылды. Мысалы, іс фигуранттары Люксембургтен 170 миллион АҚШ долларынан асатын қаржыны өз еріктерімен мемлекетке қайтарып берді.
Жалпы «Казахтелеком» АҚ, «Центр Транспортного Сервиса» сияқты және басқа компаниялардағы қаржы жымқыру бойынша 36 миллиард теңге қазынаға құйылды.
Атышулы «РОП» операторына келсек, ол жерден 180 миллиард теңгені жымқырудың жолы кесіліп, ол қаржы «РОП» ЖШС-ның есеп-шотынан «Жасыл Даму» АҚ-ның есебіне аударылды.
ҰҚК экс-жетекшілері мен қызметкерлерінің ісі бойынша Гонконг пен БАӘ-нен 3 миллион АҚШ доллары елге қайтарылды.
Бір ғана Қайрат Боранбаевтың «КазМунайГаз» АҚ қатысты ісін тергеу барысында 11,3 миллиард теңге мемлекет қоржынын толықтырды .