103 рет оқылды

«Казфосфат» ЖШС-нің жаңа басшылары ағайынды Нығматулиндер монополиялық жолмен пайдаға кенелмек болып, өткен жылдың қараша айында аммофостың бағасын 125 мың теңгеден 168 750 теңгеге көтерген. Сөйтіп сол жылдың басынан бастап бағаның өсуі 35 пайызды құраған. Ал биыл, 2022 жылдың басында әлгі баға 185 625 теңге болған. Бұл 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 48 пайыз боп кеткен. Тексеру барысында компанияға аммофосты сатып алуышларға 2,8 миллиард теңгені қайтару міндеттелді.

Kazakhmys Resources B.V. компаниясы Нидерландия елінде тіркелген  және ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің балалары Нұрхан мен Нұржан Нұрлановтарға тиесілі. Компанияның бас директоры Нұрхан Нұрланов.

Аранын ойлағандар ақша жеудің неше түрлі монополиялық тәсілдерін ойластырып жүргенде, компанияда бір айда 4 адам өлімі болды. 9 маусымда минералды тыңайтқыштар зауытанда бір жұмысшының басына кірпіш құлап өмірден озса, 2 шілдеде екі жұмысшы кен уататын агрегат қослып кетіп көз жұмды. 7 шілдеде 42 жастағы жұмысшы 19 метр биіктен құлап өлді.

Ал 11 шілдеде минералды тыңайтқыштар зуатында жарылыс болып, Тараз қаласын қалың түтін басып қалды.

Дереккөз: Naizager.kz

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.