103 рет оқылды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен және АҚШ Мемдепартаментінің «Қауіпті бірігіп азайту» бағдарламасы бойынша ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық бюро өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Америка жағы Қазақстанды  FIRST  — «Кіші модульді реакторлар технологиясын жауапты түрде пайдалану үшін базалық инфроқұрылым» бағдаламасына қатысуға шақырды.

Бұл бағдарлама АҚШ-пен әріптес елдердің атом энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламасының әлеуетін өсіруді қолдайды. Ядролық қауіпсіздік пен оны таратпауға шақырады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама АЭС үшін жаңа инновациялар мен алдыңғы қатарлы ядролық технологиялармен танысуға мүмкіндік береді.

Мүмкін, бұл Қазақстан АЭС-ін АҚШ-қа салдырудың бастамасы шығар. Ресей нұсқасынан гөрі осы тыныш қой. Европаға Каспий арқылы мұнай айдайтын құбырымызды жауып тастаймыз деп аудандық сотына дейін қоқаңдаған Ресей үкіметіне қарағанда, АҚШ нұсқасы дұрыс-ау.

Дереккөз: Naizager.kz

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.