163 рет оқылды
Еуропа даму және қайта құру банкі “Қазақстан Темір жолы” ұлттық компаниясына Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасу жолдарын жетілдіру үшін 50 миллиард теңге инвестиция салатын болды.

ҚТЖ жаңа капиталды Транскаспий халықарадық көлік жолындағы маңызды инфрақұрылымдарды жетілдіруге жұмсауға тиіс. Ресейді айналып өтетін бұл жол Еуропа мен Азия арасын жалғайды.

Бұған дейін Қытай мен Еуропа одағы арасындағы жүктің 95 пайызы Солтүстік дәліз арқылы өтіп келген. Ол Қазақстан, Ресей және Беларусь арқылы өтетін. Енді Еуропа Ортаңғы дәліз арқылы жүк тасуға мүдделі болып отыр. Ол Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтеді.

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы 16 мың шақырымға созылған темір жол желісіне иелік етеді және оны басқарып келеді, — деп хабарлайды dalanews.kz.

Дереккөз: Naizager.kz

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.