237 рет оқылды

Ұлыбритания Ресейге қатысты санкциялар тізіміне 42 жаңа пункт қосты. Британия үкіметінің сайтындағы құжатқа сәйкес, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарының губернаторлары санкция тізіміне тап болған.Олар: Волгоград обласының губернаторы Андрей Бочаров; Саратов обласының губернаторы міндетін уақытша атқарушы Роман Бусаргин; Оренбург обласының губернаторы Денис Паслер; Челябі обласының губернаторы Алексей Текслер; Тюмен обласының губернаторы Александр Моор; Самар обласының губернаторы Дмитрий Азаров; Новосібір облысының губернаторы Андрей Травников; Алтай аймағының губернаторы Виктор Томенко.Бұдан басқа Ресейдің Украина елімен шекаралас аймақтары да санкцияға тап болды.

Ұлыбритания бұған дейін Ресейдің 1000 жеке, 100 заңды тұлғаларына қарсы санкция енгізген болатын. Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путин мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың қыздарына санкция салынған.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.