418 рет оқылды

Қазақ жанкүйерлерінің «Қайрат» командасы десе шығарда жаны бөлек. Ол, әсіресе, КСРО кезінде одақтас республикалардың командаларымен ойнаған кезде қатты байқалатын. Өзбекстанның «Пахтакорымен» кездесе, тіпті, қазақ өліп кете жаздайтын.

Міне, сол қалың қазақ қолдаған команда басшылары футболдан репортажды қазақ тілінде жүргізуші Әділет Бисариевті қазақша сөйлегені үшін жұмысынан шығарып жіберіпті.

-Мен 2019 жылдан бастап «Қайрат» футбол клубында жүргізуші қызметін атқардым. 24 шілде күні басшылық мені жұмыстан шығарып жіберді. Бірақ үш жылдан бері клубтың басшылығының жалпы қазақ тіліне немқұрайлығы барын байқадым. Орталық стадионда қазақ әндері қойылмайды. Ақсақал жанкүйерлер қазақша ән сұраған. Оны мен басшылыққа жеткізгенмін. «Қайраттың» диджейі басшылыққа сілтеген. Одан кейін  де бұл клубта көптеген мәселе болды», — дейді ол.

Әділет Бисариевтың айтуынша, клуб басшылығы оны тіл мәселесіне байланысты ылғи қыспаққа алумен болған.

-Бұған дейін мені жұмыстан шығаратындай себеп таппады. Кейін «Қайраттың» жанкүйерлері мен жақсы көріп кетті. Жанкүйерлер мен үшін уайымдап жатқанына қуанып отырмын. Демек, мен өз жұмысымды жақсы атқарып жүрмін деген ойдамын. 24 шілдеде «Қайрат» пен «Ақсудың» ойынына барғанмын. Микрофонды ұстайын десем, сол жерде тағы бір жүргізуші жүр. Орыс жігіті. Маған қоңырау шалып, «бүгін жүргізбейсің» деді. Маған жұмыстан шыққаным туралы алдын ала айтылған жоқ. «Неге?» десем, «сен бұдан былай бізде жұмыс істемейсің» дейді. Стадионнан шығып, бас директор Асқарға барсам, ол «Один хбеттен» саған шағым түсті» дейді. «Конкурсты дұрыс жүргізбедің» дегісі келді. Оны мен сәтті өткізгенмін. «Тағы қандай себептеріңіз бар?» десем, нақты ештеңе айтпайды.

Журналист Әділет Бисариев «Один хбет» өкілдеріне де барған. Алайда олардың не үшін шағым түсіргенін нақты түсінбеген.

-Олармен сөйлесіп, мен мынадай ойға келдім. Бұл кісілер қазақ тілінде сөйлейтін, хабар жүргізетін мен сияқты кадрлар мен мемлекеттік тілге қысым көрсеткісі келеді. Қазақ тіліне қарсы екенін көзім жетті. «Ты ведешь на тойском. Ап-барекелди» дейсің. «Что такое, Адилет, «Ап барекелди?» дейді. Мені олар сөйлеткісі келмеді. Бұл менің өз ойым, Қазақ тіліне деген қыспақ, қарсылық бұл. Енді ойын орысша өтіп жатыр. Сонда орысша түсінбейтін қазақтардың қамын кім ойлайды? Тіл үшін жаным ашып тұр. Аллаға шүкір, табысым мол. Өзім өнер адамымын. «Қайратта» тіл мәселесі ауыр. «Қайрат» командасы өзін «халық командасы» деп таныстырғанымен, қазақ тілін менсінбейді.

Әділет Бисариев ҚР Мәдениет және спорт министрлі Дәурен Абаевқа шығып, құзырлы органдарға өтінішін айтып, кінәлі адамдарды жазалауды сұрап отыр, — деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дереккөз: Naizager.kz

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.