213 рет оқылды

Кешелі бері кейбір көршілеріміздегі журналистер «Біздің мэтрлеріміз, продюсерлеріміз Димаш үшін бәрін жасап еді, енді ол сол жақсылықтың бәрін ұмытты, қазіргі жағдай туралы ешқандай пікір айтпайды» деп жарыса жазып жатыр. «Оның әлемге танылуына еңбек еткен Игорь Крутой еді, оны да ұмытты. Игорь қазір үндемейді» деп, Крутойдың  саясат жөнінде жақ ашпай жүргенін де Димаштан көруде. Күлкілі, ә.

Бұлар шынымен өздерінің иектерінің астындағыдан басқаны көрмей ме? Әлде көргісі келмей ме? Біздің Дінмұхамед (Димаш) Құдайбергенов алғаш рет Ресейден бұрын Қытай еліндегі ең белгілі «Singer-2017» конкурсында топ жармап па еді?! Оны бүкіл әлем мойындамап па еді? Ендеше аналардың өкпесіне не жорық?

Бұл әңгімені пықсытып отырғандар да басқа емес, өзіміздің елде таралатын баяғы «Караван». Бұрын газет еді, қазір сайт болды. Демек, олардың да Димашқа жала жабушыларға бүйректері бұрып тұр демеске ләж жоқ. Әйтпесе, көршілердің пікірлерін берме демейміз, бер, бірақ әңгіменің соңында «қарақтарым, қатты қателесіңдер, Димаш Құдайбергенов Ресейден бұрын бір жарым миллиард халқы бар Қытай елі көрермендерін мойындатқан. Демек, Крутоймен бірге сахнаға ән шығармай тұрып-ақ «крутой» болған! » деп тастай ғып түйіп тастамай ма?

Суретте: 2017 жыл. Қытай. «Singer — 2017» конкурсындағы Димаштың жеңісті сәті!

Дереккөз: Naizager.kz

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.