Биылғы жылдың басынан бері Иран сотының үкімімен 251 жуық адам дарға асылған.
Мәлімет бойынша, дарға асылғандардың 146 адам өлтіру бабымен айыпталған. 86 адам есірткі саудасына
байланысты қылмыскер деп танылып, дарға асылған.
Құқық қорғаушылар мұндай жазаны «адам өміріне қол сұғу» деп бағалап отыр. Вашингтондағы Иран құқық қорғау ұйымы мен Лондонда орналасқан Amnesty International ұйымының ортақ есебінде дарға асылғандар бұдан да көп болуы мүмкін екені айтылған. Есепке тек тексерілген ақпараттар ғана енгізілген. Алайда есеп авторлары «Иранда соттардың көп жағдайда әділетсіз әрі біржақты өтетіні құжатпен мойындалған» деп ескертеді.
Amnesty International өкілі Даяна Эльтахеви 2022 жылдың бірінші жартысында Иранда орташа есеппен күніне бір адам дарға асылғанын айтады.
Құқық қорғаушылардың дерегінше, қазір әлемнің 144 елінде өлім жазасы жойылған.
Дереккөз: Naizager.kz