534 рет оқылды

Елжан Біртанов зум арқылы байланысқа шығып, өзіне қарсы жасалған ақпараттық шабуылдың жала екенін мәлімдеді.

Күні кеше телеграм-арналардың бірі Елжан Біртановқа қатысты ақпарат таратты. Онда ақпарат таратушылар  Елжан Біртановтың осыдан екі жыл бұрын Таразда жүрген кезінде коронавирус жұқтырғанын айта келіп:

-Біртанов сол кезде Тараздағы кез келген инфекциялық ауруханада оқшаулануы керек еді. Алайда шенеунік заң қайшылығына қарамастан астанаға жету үшін санавиация бортын пайдаланды. Негізі санавиация ұшағы онкологиямен ауырған, қос өкпеден пневмонияға ұшыраған әйелді алып кетуі керек болатын. Алайда пациент астанаға жете алмады. Оның орнына ұшақпен министр кетті. Біртанов шын мәнінде, ауру әйелдің жағдайын пайдаланып, фальсификацияға барды. Біртановтың бұл тұрғыда моральдық қағидаттары туралы не деуге болады? Әйел кейін қайтыс болды. Сонда әлгі әйелдің өмірінен Біртановтыкі артық болды ма?» — деген телеграм-арна.

Міне, осы ақпарттың жала екенін айтқан Е. Біртанов БАҚ өкілдерімен зум арқылы жүздесті. Ол жалған ақпараттың жанын ауыртқанын, жүрегіне батқанын айтты.

-Әрине, мұның бәрі өтірік. Осыған байланысты кеше Бас прокуратураға арыз жібердім. Себебі жалған ақпарат тарату – заңбұзушылық. Тікелей айтқанда, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бұзылып отыр. Президент әкімшілігіне де шағым жібердім. Себебі, бұрын осындай фактілер бойынша полицияға арыз жібергенмін. Бірақ ешқандай шара қабылданған жоқ. Кеше сот басталғанда судья Әлкеновке де осы мәселені айттым. Өйткені менің ойымша, сот төрағасы осындай ақпаратқа байланысты міндетті түрде өз шешімін қабылдауы керек еді, — деді Елжан Біртанов.

Экс-министр сот басталғалы бергі уақыттарда мұндай ақпараттық шабуылға бұрын да ұшырағанын айтады. Судья мұның алдында тиісті шешім қабылдамағаннан кейін белгісіз адамдар қорықпай, жалған ақпаратты тағы таратқан. Экс-министр судьяның өзіне осылай дегенін жеткізді.

-Бас прокуратураға менің өтінішім тіркелді. Ары қарай қажетті шаралар енгізіледі деп сенемін. Қалай зерттелетінін білмеймін. Санавиация бойынша ешқандай факт немесе қылмыс тіркелген жоқ. Кеше сотта оны біз талқылаған жоқпыз. Мен Тараздан астанаға басқа науқасқа арналған ұшақпен ұштым деген ешқандай ақпарат болған жоқ. Ондай факт жоқ. Болса мен бұрыннан-ақ мүмкін түрмеде отырар едім. Әрине, бұл өте күрделі әрі ауыр айып. Ондай айыптау іс материалдарында тігілмеген, — деді ол.

Елжан Біртанов соттағы куәгерлер «Біртановтың Тараздан Нұр-Сұлтанға келуі заң аясында болғанын айтқанын, ондай құқығы барының жеткізгенін» атап өтті.

-Мұндағы негізгі мақсат – біздің қоғамда Біртанов және Әбішевтің образын қылмыскер, жемқор ретінде көрсету, халықты соған сендіру деп ойлаймын. Бірақ мен сот ашық болсын, барлық БАҚ қатыссын деп өтіндім. Осындай өтірікті кім таратты? — деді ол.

Елжан Біртанов өзіне жасалған ақпараттық шабуылды сот шешіміне әсер ету амалы деп қарастырады.

-Бұл менің ойым. Бұл мәселені құқық қорғау органдары қарастыруы қажет. Кім тапсырыс беруі мүмкін? Бәріңіз білесіздер, бұл қылмыстық істі бастаған – Қаржы мониторингі агенттігі. Басынан бастап бұл агенттіктің тергеуі көптеген бұзушылықпен, заңсыздықпен өтті. Ол барлықтарыңызға мәлім. Себебі сот төрағасы Әлкенов те, басқа да соттар бұзушылықтарды көріп, түзету үшін өз шешімдерін берген. Өкінішке қарай, түзетілген жоқ. Әрине, тергеу органы бұзушылықпен екі жыл бойы тергеу жасап, істі сотқа тапсырғаннан кейін олар әрине, менің ойымша, қорқып отыр. Ертең шындық шығып, сот мені ақтаса, олармен не болады? Олар қызметтен бәлкім, кетеді, қандай да басқа оларға айып қосылады бәлкім, кім біледі. Олардың мотиві бар. Маған да да әртүрлі ақпарат жетіп жатыр. Үйқамақта отырсам да, жұмысқа шығам. Әріптестеріммен араласам. Осындай фактілер бар деп ойлаймын, — деді ол.

Сонда экс-министрге жасалған ақпараттық шабуылдың аржағында кімдер тұр? Елжанның «олар»

дегені кімдер? Қайткен күнде де, Елжанның мәлімдемесі халық алдында жүзі ашық, адал азаматтың сөзіне ұқсайды.

Дереккөз: Naizager.kz

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.