53 рет оқылды

Бұл, шынында, ел күтпеген жаңалық болды. Солтүтсік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Петропавл қаласындағы сот ерлі-зайыпты екі тұрғынды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Оларға Chatroulette әлеуметтік желісінде сепаратистік үндеу жасады деген айып тағылып отыр.

Оқиға 2021 жылы 11 желтоқсанда болған. Сот залынан жеткен мәліметке қарағанда, ерлі-зайыпты П.-лар  Chatroulette  деген  әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясының құрамына қосылғанын жақтамайтын адамға Қазақстан Республикасының бірлігі мен тұтастығын сақтауға қауіп төндіріп, саяси және әлеуметтік тәуекелділікке апарып соқтыратын сөздер айтқан.

Ол Ресейдегі «Россия сегодня» медиахолдингінің құрамына кіретін және Ресей арқылы қаржыландырылатын  Sputnik ақпараттық агенттігі ерлі-зайыптыларға Солтүтсік Қазақстанды Ресейге қосу туралы үгіт-насихат айтуға шақыруынан туындаған.

Сот ісіне ерлі-зайыптылардың қылмыстық құқық бұзушылығы туралы видеоматериалдар қоса тіркелген. Сондай-ақ, соттық психологиялық-филологиялық кешенді сараптама жасалған.

Прокурор айыптылардың әрқайсысына ҚК 180 бабының 2 бөлігіне сәйкес (ҚР бірлігіне, тұтсатығына, оның территориясына қол сұқпауға, мемлекетті бөлшектемеуге, т.б.) 5 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза беруді талап етті.

2022 жылдың 20 мамыры күні жарияланған үкімді облыстық сот айыптылардың аппелициясына қарамастан өз күшінде қалдырды.

Дереккөз: Naizager.kz

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.