114 рет оқылды

 

 

Лондонда ағылшын тілінен өткен оқушылар олимпиадасында Тараз қаласының оқушысы Ихсан Ілесов алтын медальға ие болды.-Ихсан үшінші ұлым. Ихсанның ағылшын тілін жетік білуіне Сарыкемер ауылындағы мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып істейтін үлкен ұлымның еңбегі ерекше, — дейді жетінші сыныпта оқиытын Ихсанның анасы Ләззат Ілесова. Ихсан Ілесов — Тараздағы жекеменшік мектепте оқиды. Лондонда өткен Тіл олимпиадасы ол үшін үлкен сынақ болған. Өйткені әр кезеңге өткен сайын берілген тапсырмалар қиындай берген. Бірақ Ихсан барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, алтын медальды жеңіп алған.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.