50 рет оқылды

Бұрынғы президент Н. Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының қылмыстық ісіне қатысты өтіп жатқан сотта мемлекеттік айыптаушы оны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ, рокурор Жангелді Есебаев сот төрағасынан Қайрат Сатыбалдыұлының дүние-мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығын 10 жыл мерзімге шектеу керектігін де айтты.

-Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу анықталсын, Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн — 1,5 күн болып есептелсін, — деді прокурор Жангелді Есебаев.

Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлім етті.

Сонымен қатар, ол прокурор ұсынған жазаға және оның мерзімімен келісетінін айтты.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.