62 рет оқылды

Алматы қаласының бұрынғы әкімдерінің бірі Бауыржан Байбекке қарсы қылмыстық іс қозғалыпты, -деп хабарлайды КазТАГ сайты El Media. сайтына сілтеме жасап

Elmediaның дерек көздері бойынша, Б. Байбек «сыбайластық-жемқорлық әрекеттерге барғаны үшін күдікке ілінген». Басқа күмән мен күдіктер әзірге жоқ.

Байбек оңтүстіктегі бас қаланы басқарған тұста Атакенттің алдындағы алаңға қойған сабаннан жасалған Тиінімен есте қалғаны белгілі. Кейін онысы өртеніп кетті.

Айтпашы, «кафеден 500 теңгеге «бірінші» мен «екіншіні» ішіп-жеп, тыңқия тойып шығасың» деген тұрғыдағы әлеуметтік желіні шулатқан сөзі тағы бар екен ғой.

Білетіндердің айтуынша, алда бұлардан өткен қызық бар сияқты. Әліптің артын бағайық.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.