139 рет оқылды

ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов қамауға алынды. 

Бұл туралы Ulysmedia.kz құқық қорғау дерек көздеріне сүйене отырып, «Шайхутдинов мемлекеттік құпияларды басқа елдің пайдалануына беріп отырған және шпиондық әрекетпен айналысқан» деген күдікпен айыпталуда» деп хабарлады.

Экс-шенеунік қазіргі кезде сот алдындағы тергеуде жауап беруде. Ол 28 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің пәрменімен Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған. 63-жастағы Марат Шайхутдинов 2009 жылдан бастап Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болса, 2015 жылдан бері бірінші орынбасары болып қызмет еткен. Ал 2007-2009 жылдары Тұңғыш Президент Қорының жанындағы әлемдік экономикалық институтының директоры болса, 2006-2007 жылдары Президент аппараты сыртқы саясаты Орталығы меңгерушісінің орынбасары болған. 2000-2005 жылдары Қазақстан-Ресей университетінің директоры болып отырды. Осы қызметтерінен-ақ оның еліміздің сыртқы саясаты мен қауіпсіздігіне қатысты қанашама мәліметтерге қол жеткізге алғанын байқауға болады.

Шайхутдиновтың мемлекетке қарсы жасаған сатқындығы жөнінде сәуір айында жазыла бастаған

болатын. Мысалы, қазақстандық белгілі журналист Михаил Козачков Марат

Шайхутдиновпен бірге Олег Евгеньевич Ждан мен Леонид Райнгольдович Скаковский

туралы да айтқан.

Ал бұлардан бұрын ҚР ПА лауазымды қызмет істеген Бағлан Майлыбаев, одан кейін профессор

Константин Сыроежкиннің сатқындық «атақтары» да жұрттың жағасын ұстатып еді. Қаңтар

оқиғасынан бері Мәсімов бастаған, Шайхутдинов қоштаған сатқындар тобы шығып отыр.

«Жау жоқ деме, жар астында». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Аппаратындағы,

Үкіметтегі шенеуніктерді отанға деген адалдық сүзгісінен мұқият өткізіп алғаны дұрыс-ау. Мәсімов

пен Шайхутдиновтардың қатаң тергелуіне қарағанда, солай істеліп те жатқан сияқты.

Өйткені сатқындарға кешірім болмауға тиіс.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.