64 рет оқылды

СІМ Қазақстанның Ресейге ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарының, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының қосылуы туралы референдумға қатысты ұстанымын жариялады.

-Өзін-өзі жариялаған ЛХР және ДХР мемлекеттері мен Запорожье және Херсон облыстарының әскери әкімшіліктері Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізсе, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру принциптерін басшылыққа алады. Біздің Президент бірнеше рет, соның ішінде БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы нақты мәлімдеді», — деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол Жарғыда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау және мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау үшін жауапкершілігі туралы айтылғанын айтты.

-Біз саяси диалогты жолға қоюға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік деңгейде де, жаһандық деңгейде де сақтауды маңызды міндет деп санайды, — деді Смадияров.

Өткенжұмада ЛХР, ДХР, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум басталды. Дауыс беру 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.