Қайрат Сатыбалдының соты біткенімен, оны тергеу-тексеру, тыққан-пыққандарын іздестіру амалдары әлі жүріп жатқанға ұсқайды.
-Соның нәтижесінде Қ. Сатыбалдының алыс шетелдерге жасырған құны 230 миллион АҚШ долларына бағаланатын асыл тастары мен әшекей бұйымдары мемлекеттің кірісіне алынды, — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.
Одан бөлек Қ. Сатыбалдының бағасы 300 миллион доллар болатын шетелдік құнды қағаздарға салынған қаражаты да анықталған. Жақын арада ол да ел қазынасына түседі дейді.