75 рет оқылды

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеп-тексеру басталды, — дейді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметі. 

Хабарламада, министрліктің лауазымды тұлғалары кейбір жеке кәсіпкерлік нысандарының пайдасына сай қызмет жасап, барлау деген сылтаумен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын аукцион өткізбестен  заңсыз бере берген. Соның салдарынан мемлекет қалтасына ондаған миллиард теңге түспеген.
7 қараша күні өзінің жоғары лауазымды өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікпен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев тұтқындалды.-Сот санкциясымен Тимур Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының Cadillac Еscalade, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі дана  BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8 маркалы қымбат автокөліктері мен элиталық жеке үйлері, жер телімдері анықталып, бұғауланды, — делінген агенттік хабарламасында.

Тергеу жалғасып жатыр.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.