155 рет оқылды

Еліміздегі отызға тарта жоғары оқу орнының лицензиясы кері қайтарылып алынғанын естідіңіздер ме?

-Сапасыз білім беретін жекеменшік жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару — Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама. Осы уақытқа дейін диплом беруді бизнеске айналдырған, білім беру сапасы төмен отызға жуық жоғары оқу орындары лицензиясының күші жойылған болатын. Мысалы, былтыр олардың 15-і жабылса, биыл 17 жоғары оқу орнының лицензиясы кері қайтарылып алынады. Бұл біздің бақылауымызда, — дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, ол білім орындарына талап қойғанын және талаптар орындалмаған жағдайда оларға қатаң шара қолданылатынын ескертті.

– Бұл Президенттің тапсырмасы. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер бердік. Ол орындалмаған жағдайда, біз оқу орнына шара қолданамыз, – дейді министр.

Министр лицензиясынан айырылу қаупі төніп тұрған он жеті жоғары оқу орнының аттарын атап айтқан жоқ.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.