116 рет оқылды

Астана қаласындағы ауданаралық мамандандырылған сот бүгін, 24 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы К. Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары А. Садықұлов, Д. Ерғожин және М. Осиповке қатысты қылмыстық іске байланасты үкім шығарды.

Тергеу бойынша К. Мәсімов пен А. Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау, ҚР билігін күшпен басып алу және билік пен қызмет бабын асыра пайдалану бапары бойынша айыпты деп танылды.  Д. Ерғожин да осы үш баппен айыпталды. Ал М. Осиповке «билік пен қызмет бабын асыра пайдалану» деген 362 бап бұйырды.
Сөйтіп, А. Садықұлов — 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді мемлекеттік қызметке өмір бойы жоламайды. Д. Ерғожин болса 15 жыл арқалады. Оған да мелекеттік қызмет енді жоқ.
Ал М. Осипов ең жеңіл жаза — 3 жылға кесілді. Бірақ ол да енді ақ жағалы шенеунік бола алмайды.
Ал осы қылмыстық істегі ең басты «шортан» К. Мәсімов — 18 жылға кетті.
Қылмыскерлердің барлығы мемлекеттік марапаттарынан, генерал деген атақтарынан, дүние-мүліктерінен қағылады.
К. Мәсімов қазір — 58 жаста. Он сегіз жылдан кейін 78 жасқа келеді екен. Көрер жарығы болса, әрине… Бірақ, кім біледі, бір-екі жыл ғана «отырып», бостандыққа шығып кетуі де мүмкін. Ондай мысалдар жетерлік емес пе біздің елде?

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.