13 рет оқылды

Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі картоп бағасының өсуіне қатысы бар сауда делдалдарын анықтады. Министрлік берген ақпарат бойынша, жылан жылы басталғалы бері сауда үстемесін 15 проценттен асырмау жөнінде 20 аймақтық комиссиялық тексеру өтіп, соның нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар өнім деп есептелетін картоптың бағасына қатысты 49 заңбұзушылық белгілі болған. Осы деректер бойынша енді тиісті әкімшілік шаралар қабылданбақ.

Бүгінде Астанадағы азық-түлік сауда орындарында картошканың бағасы 280-185 теңгеге дейін төмендеген. Сауда комитеті жасаған мониторинг мәліметі бойынша орташа баға — 322 теңге. Әлеуметтік дүкендер мен Әлеусеттік кәсіпкерлік корпарациясы серіктестерінде, яғни елдің барлық өңірлерінде картоп қоры жеткілікті және нарық бағасынан төмен.

Аймақтардағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларына қарасты Тұрақтандыру қорларына жиналған картопты сату одан ары жалғасын табуда. Өткен жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тоннаны құрайтын картоптың 23,6 мың тоннасы өткерілген.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.