Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
-Ұлттық қор қаражаты, сіз тапсырғандай, тек ірі инфрақұрылымдық нысандарды салу үшін сұралатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін күшейтеміз, – деді Премьер-Министр.
Бектенов баяндамасында субсидияларға арналған шығындардың барлық салаларда тұрақты түрде өсіп жатқанын айтты. Алайда олардың нақты тиімділігі ескерілмейді, ал мемлекеттік органдар тарапынан бақылау әлсіз болып отыр.