53 рет оқылды

АҚШ Президенті New York Post-қа берген сұхбатында Ресей Президенті В. Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, «Украинадағы соғысты тоқтату жайлы келісімге келуге тырысқанын» айтты. Екеуінің қанша минут сөйлескені белгісіз.

Белгілісі — АҚШ Президенті Дональд Трамп соғыс алаңындағы жауынгерлердің қазасы Путинге де «бәрібір емес» деді.

-Ол адамдардың қырылғанына қарсы, — деген ол «Путин жақын арада қақтығыс аяқталады деп тілейді» деген. Сонымен бірге Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға байланысты «нақты жоспары» бар екенін айтып, бірақ онысының бүге-шігесіне тоқталмаған.

-Украинада сұмдық соғыс болып жатыр. Мен бұл шайтаналғырды тоқтатқым келеді, — деген Трамп ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцті қақтығысты реттеуд3 назарға алуды шақырды.

-Екі жақтың кездесуін өткізейік. Олар кездескісі келеді. Күн сайын адамдар қырылып жатыр.  Тура менің балам сияқты жап-жас жауынгерлер қаза тауып жатыр…

Деген ол сөзінің аяғында Путинмен қарым-қатынасы жақсы болғанын айта келіп, тағы да Байданді жамандап, 2022 жылы өзі Президент болғанда бұл соғысқа жол бермейтінін тағы да айтып кетіпті.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.