10 рет оқылды

2025 жылғы 3 ақпанда Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың саны туралы деректер ұсынды.

Нақты айтсақ, Жылан жылының 1 қаңтарында Қазақстанда 20 286 084 адам тұратыны белгілі болған. Бұл өткен жылы қазақстандықтардың саны 252 242 адамға артқанын көрсетеді.

Халық қай өңірлерде тығыз орналасқан? Бұл туралы да нақты деректер бар.  Мысалы, Алматы қаласында —  2 292 333, Түркістан облысында  — 2 154 334 адам тұрады.

Қалада тұратын халық саны — 12 774 743 адам болса, ауылдық жерлерде — 7 511 341 адам өмір сүреді.

Ал Астанада 1 528 887 адам тұрады. Шымкентте — 1 256 263 адам тұрады.

 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.