13 рет оқылды

«Аманат» партиясының бастамасымен және «Иммунитет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.

 

Бұл шараның басты мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаның тазалығына мән беру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 

Акцияға қатысушылар «Қызыл Жұлдыз» ауылы маңындағы айналма жолдан бастап Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылына дейін баратын жолдың жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама — қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға және адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Акцияға белсенді жастар, партия мүшелері қатысып, өңір тазалығына өз үлестерін қосты.

 

Тазалық сақтауға үлес қосу – өзі өмір сүріп жатқан қаласын, ауылын сүйетін әрбір адамның азаматтық міндеті мен парызы. Сондықтан «Таза бастама» экологиялық шарасы қоршаған ортаның тазарып, ажарлана түсуімен бірге, қоғамдағы экологиялық мәдениеттің дамуына да ықпал етеді.

 

Алдағы уақытта да мұндай бастамалар жалғасын тауып, экологиялық мәселелерге назар аудару одан ары ұласа бермек.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.