5 рет оқылды

Өткен сенбі күні таңмен таласа тұрған «Тараз» ӘКК» АҚ-ның жастары 13 шағын ауданындағы жол бойын түрлі қоқыстардан тазартты.

Жер асты суы үшін қазылған үлкен арықтың жағасындағы жасыл желектің арасы қағаз, целлофан қалталарға, баклашкаларға, консерві, сусын қалбырларына, темекі қораптары сияқты т.б. қоқыстарға толып қапты.

Бірлік пен ұйымшылдық танытқан «Тараз» ӘКК» АҚ-ның жастары осы қоқыстардың бәрін қапқа салып, арнайы белгіленген орынға тасып, жинап қойды. Сенбілікке шыққан ұжым мүшелері арнайы қолғаппен, қапшықтармен және тасымал көлігімен қамтамасыз етілді.

Сенбілікте келген ой: Жер асты суына арналған үлкен арықтың маңайын 13 шағын аудан тұрғындары үшін демалыс және сейіл құру аймағына айналдыруға әбден болады екен. Ол үшін арық пен жол жағасындағы талдардың арасына плитка төсеп, таспа жол салу қажет. Үлкен арықтан сылдырап ағып жатқан су да адам көңілін аулайды. Демалдырады. Ал оны тамашалап қарап тұру үшін арықтың әр жерінен жіңішке көпір салу керек. Таспа жол шеттеріне орындықтар, қоқыс жәшіктерін қою да өркениетті мәдениет талабы.

Сенбілік ортасында жүріп ойымызға келген осы ұсынысты Тараз қаласы әкімі Бақытжан Орынбеков қаперіне алып, «әуп» деп әп-сәтте атқарып тастаса, қала шетіндегі шағын аудан тұрғындары үшін тамаша сый болар еді.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.